Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлын еске алуға арналған облыстық педагогтер арасында волейбол турнирі

Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлының түлектері.

 

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлын еске алуға арналған облыстық педагогтер арасында волейбол турнирі


Гимназиямызда 20 жылдан астам директорлық қызмет атқарған, ұлағатты ұстаз, Павлодар қаласының құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлын еске алуға арналған облыстық педагогтер арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Биыл бұл турнир дәстүрлі 2-інші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Турнирдің өтілуіне атсалысып, демеушілік жасаған Мақажан Несіпбайұылының тәрбиесін көрген Алтынсарин түлектері.

1. Серік Корганбаевич
2. Қайыркелді Құсманұлы
3. Марат Абылқайырұлы
4. Нұрбол Абылайұлы
5. Сержан Ерғалымұлы
6. Саян Назымович
7. Асқар Мұратұлы
8. Ербол Мәтіұлы
9. Ислам Еркінұлы
10. Айгерім Пшембаевна

Сондай-ақ 1993 жылғы 11 «в»-сынып түлектер.

Осы орайда барша түлектерімізге алғыс білдіреміз.

Турнирге 8 құрама команда қатысты. Нәтижесінде:

І орын: Абай Гимназиясы - 80 мың теңге

ІІ орын: Назарбаев Зияткерлік Мектебі - 50 мың теңге

ІІІ орын: Алтынсарин гимназиясы - 30 мың теңге