Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Наурыз-көктем, Наурыз-жыр, Наурыз-думан"

"Наурыз-көктем, Наурыз-жыр, Наурыз-думан"«Наурыз – көктем, Наурыз- жыр, Наурыз-думан»

Дәл осындай атаумен гимназиямызда дәстүрлі Наурыз мейрамы аталып өтілді.

Мектеп алаңына 21 киіз үй тігіліп, Ұлыстың ұлы күні тойланды.

Наурыз мерекесін көпшілікпен бірге тойлау үлкен мəртебе. Көріскен көпшіліктің жадыраған жылы жүзі осыны аңғартқандай.

Осынау ұлы мерекеге арнап, концерттік бағдарлама да ұсынылды. Әннен шашу шашылып, күй мен айтысқа ұласты.

Жиналған көпшілік қауым ұлыстың ұлы күні жайылған дастарханнан дəм татты.

Осы орайда, мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынған Иса Байзақов атындағы облыстық филармония өнерпаздарына, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның вокалдық «Ретро» ансамбліне, «Нұр» бишілер тобына алғысымызды білдіреміз. @isabaizakovfilarmoniya

Сондай-ақ ата-аналарымыз бен ұстаздарымызға ерекше алғыс айтамыз.

Мерекелік концертті ұйымдастырушы, жауаптылар: Жапарова К.М., Шаймерденова К.М., Рүстемова А.С.

P.S. Мектеп әкімшілігі