Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Әкелер форумы-2022

«Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық»
2022 жылдың 24 желтоқсанында гимназиямызда әкелер форумы өтті.
Оған 200-ден астам әке қатысты.
Өткен іс-шараның басты мақсаты - әке институтын дамыту, отбасылық құндылықты нығайту болып табылады.
Форумға шақырылған спикерлер әкелермен бірге бір диалог алаңында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, әкелер қауымдастықтарының сенімі мен ынтымақтастығы мәселелерін көтерді.
Алдағы уақытта әкелерімізбен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүзеге асырылатын болмақ.