Гимназиямызда «Кәусар бұлақ» әжелер мектебі құрылды.
Гимназиямызда «Кәусар бұлақ» әжелер мектебі құрылды.⠀
2022 жылғы 29 қараша күні гимназиямызда «Кәусар бұлақ» атты әжелер мектебінің ашылуы өтті.
⠀
Салтанатты лента қию рәсіміне «Ел анасы» төсбелгісінің иегері, «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы қатысып, қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестерін айтты.
⠀
Алдағы уақытта бұл мектепте салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер талқыланып, қолөнерге баулып, құрақ құрау шеберлік сағаттарын өткізеді.
⠀
Басты мақсат - бүгінгі қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөліп, әжелер салған қазақ анасының жолына бағыттау.