Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Облыстық Әуезов оқулары

Облыстық Әуезов оқуларыОблыстық Әуезов оқуларыМұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығына орай «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және облыстық білім басқармасының қолдауымен, гимназиямыздың ұйымдастыруымен облыстық Әуезов оқулары өтті.

Байқау 3 бағытта жүргізілді:

  • «Ұлы даланың заңғар жазушысы» (эссе жазу);
  • «М.Әуезов - шебер суреткер» (иллюстрациялық суреттер салу);
  • «Ұлан даланың ұлы жыршысы» (мәнерлеп үзінді оқу).⠀

Оған облыстық жалпы білім беретін ұйымдарының 8 – 10-сынып оқушылары қатысты. Барлығы -40 оқушы.

Қатысушыларға ф.ғ.к., ЖАК доценті, профессор Қапасова Бақытгүл Қасымбайқызы, ф.ғ.к., профессор, МАИН академигі Зейнуллина Айман Файзоллақызы, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушы-зерттеушісі, PHD доктор Сағынтаева Жұлдыз Қайратқызы баға берді.

Сондай-ақ Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйіндегі қолжазбалар таныстырылды. Абай облысынан ат терлетіп мұражай меңгерушісі Исабаев Шағжан Бекенұлы келіп, сирек кездесетін кітаптар, хаттар, Әуезовтің киген костюмін көшпелі музей барысында көпшілік назарына ұсынды.