Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Алғашқы қоңырау

Алғашқы қоңырауБүгін гимназиямызда алғашқы қоңырау 60-рет соғылды.

Оқушылардың жазғы демалыстары аяқталып, жаңа оқу жылы басталды.

Мектеп директоры Қалдыбаев Шоқан Түймебайұлы ата-аналар мен әріптестерді және оқушыларды білім күнімен құттықтап, оқуда табыс тіледі.

Салтанатты жиынымызға Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Аушахманова Бақытгүл Тулегеновна мен «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы филиалының басшысы Жанарыс Хызыр қатысты.

Сондай-ақ мектеп өнерпаздары ән шырқап, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды тәрбие сағатына шақырды.

Жаңа оқу жылы табысты, жемісті жыл болсын.