ҚР оқу-ағарту министрлігінің вице-министрінің іс-сапары
ҚР оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Айбат Болатұлы Ілиясов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында гимназиямызға келді.
⠀
Вице-министр жатақхана, оқу корпусын аралап, мектеп тынысымен танысты.
⠀
Stem-лаборатория, iMac, зертхана кабинеттерінің оқу-материалдық базасын көріп, оқушылардың оқуына барлық жағдай жасалғандығы туралы айтып өтті.
⠀
Сондай-ақ оқушыларымыздың stem, робототехника, информатика саласындағы жасаған жұмыстарын көріп, жетістіктерінен хабардар болды.
