Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы жаңаша көзқарастар» тәжірибе алмасу семинары

2022 жылғы 27 мамыр күні гимназиямызда «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығымен бірлескен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы жаңаша көзқарастар» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинарға облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Барлығы 26 мұғалім.

Семинар барысында мектебіміздің мұғалімдері спикер болып, төмендегі тақырыптар аясында атқарылып жатқан бірқатар іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Тақырыптар:

«Руханият» әдістемелік бірлестігінің  табысты жетістіктері», «Қазақ әдебиеті сабағында әдеби сын жазғызу жолдары», «Оқушыны пән олимпиадасына дайындау мәселелері», «Ақындық шеберлікке баулу», «4k моделі және оны қолданудағы үздік әдіс-тәсілдер»,«Көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары», «Кері байланыс»

Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс жасап, жоғарыдағы тақырыптарды жақсы меңгергендіктерін жеткізіп, ұымдастырушы тарапқа алғыстарын білдірді. 