"Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру - әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты" тақырыбында әдістемелік күн
4 мамыр күні “Аудан мектептерін кәсіби қолдау және өзара әрекеттестік” жоспары аясында Ақтоғай ауданының Абай мектебі базасында Алтынсарин гимназиясы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы және педагогикалық шеберлік орталығының бірлескен "Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру - әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты" тақырыбында әдістемелік күн өтті. Аудан мұғалімдері ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізіп, өзара әрекеттестік аясындағы жинақтаған тәжірибелерін практикада жүзеге асырды. Өз кезегінде Алтынсарин гимназиясының делегация мүшелері өткізілген ашық сабақтарды бақылап, әріптестерге жазбаша, ауызша кері байланыс ұсынып, қолдау көрсетті.
⠀
«Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қ. филиалының тренері Ибраева А.Р. «Cабақта функционалды сауаттылықты дамыту жолдары» атты тренингте сабақты жоспарлау, саралау тәсілдері, оқу/сабақ мақсаттарын айқындау, оқу/сабақ мақсаттарына сай тапсырмалар құрастыру бойынша сабақтарда туындаған мәселелерге талдау жасатты. Тренинг барысында функционалды сауаттылықтың мақсатын, маңыздылығын анықтады, биылғы PISA тапсырмаларының мазмұнын сипаттап, тапсырмалар оқушылардың өмірімен байланыстырылып құрылу керек екенін түйді.
Әдістемелік күннің қорытынды бөлімінде тәжірибесімен бөліскен аудан мұғалімдеріне Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сертификаттары табысталып, ПШО Павлодар қ. филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кетелік, Ақтоғай ауданы мектеп басшылары мен басшы орынбасарларына, әдістемелік бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдеріне арналған семинарлар наурыз, сәуір айларында мектебімізде өткен болатын.
