«Мектебім - мәңгі көктемім» атты фестиваль
2022 жылғы 6 мамыр күні гимназиямыздың 60 жылдық мерейтойы аясында «Мектебім - мәңгі көктемім» атты фестиваль өтті.
Фестивальға ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қонақ ретінде шақырылды.
Әр сынып ата-аналарының мектеп ауласына құрған киіз үйлері тойдың шырайын келтіріп, мәдени шара оқушылардың концерттік бағдарламаларына ұласты.
Игі шарада сөз алған ұлағатты ұстазымыз Рамазановна Ғазиза Абжанова, мектеп түлегі Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қани Арман Бақтанұлы, «Нұр-Ана» қоғамдық ұйымының төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы құттықтау сөз сөйлеп, мектепке деген жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара барысында ойнатылған ұлттық ойындар, мың бұралған бишілер мен саз дауысты әншілердің өнерлері мерекенің сәнін аша түсті.
