Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова атындағы дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиадасы
Мектебімізде 29 сәуір күні 7, 8-сынып оқушыларына арналған Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова атындағы дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиадасы өтті.
⠀
Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде оқушылар эссе жазса, екінші кезеңде қазақ тілі мен әдебиетінен берілген 5 тапсырма бойынша білімдерін ортаға салып, бақтарын сынады.
⠀
Нәтижесі төмендегідей:
⠀
Абсаттарова Дария – Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы, І дәрежелі диплом;
⠀
Кунязова Дана – «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия» КММ-нің 8-сынып оқушысы, І дәрежелі диплом;
⠀
Асемсеитова Зейнель мен Марат Кәмила - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7-8-сынып оқушылары, ІІ дәрежелі диплом;
⠀
7-сынып оқушылары арасында ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
⠀
Байзолла Сұлужан-«Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия» КММ; Нұрғазықызы Сабина-«Дарынды қыз балаларға арналған» «Білім-Инновация» лицей-интернаты; Бейсенхан Толғанай-«Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат»КММ;
⠀
8-сынып оқушылары арасында ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
⠀
Партияқызы Арайлым-«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» КММ; Оразбекова Алина-Екібастұз қаласы, мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру» ММ; Бокенова Аружан-Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің “№25 қазақ қыздар гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі; Сүлейменова Алина «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат» КММ;
⠀
«Дара дарын» номинациясына ие болған 7-сынып оқушылары: Сабиганова Аружан–Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы, Тлеулесова Дамина–Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің “№25 қазақ қыздар гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Аманжол Амира-№35 ЖББМ; 8-сынып оқушылары: Хожа Алтын – «Дарынды қыз балаларға арналған» «Білім-Инновация» лицей-интернаты; Жүсіп Аииша – №35 ЖББМ.