Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Өзара әрекеттестік және кәсіби қолдау» жоспары бойынша семинар

Бүгін гимназиямызда «Өзара әрекеттестік және кәсіби қолдау» жоспары аясында Ақтоғай ауданы мектеп басшыларының орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған семинар өтті.

Семинарға аудан, ауыл мектептерінен 43 мұғалім келіп қатысты.

Семинар барысында жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, тәрбие жұмысы бойынша 19 ашық сабақ пен 5 шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Онда мектебіміздің педагогтары білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдері бойынша өз тәжірибелерімен алмасты.

Семинардың қорытындылау бөлімінде делегация мүшелері кері байланыс жасап, мұндай тәжірибенің екі тарапқа да берері мол екендігін атап кетті.

Алдағы бірлесіп атқаратын жоспарларды анықтап, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Айта кетелік, наурыз айында Ақтоғай ауданының мектеп басшыларына арналған семинар өткізілген болатын. 