Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мен мектеп тарихының 60 жылдығына орай облыстық пәндер олимпиадасы
Бүгін гимназиямызда облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
⠀
2022 жылдың 24 наурыз бен 2 сәуір күндері аралығында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы мен мектеп тарихының 60 жылдығына орай облыстық пәндер олимпиадасы өтті.
⠀
Онда олимпиада жеңімпаздарының есімдері ұлықталып, бағалы сыйлықтар табысталып, ата-аналары мен ұстаздарына арнайы алғыс хаттар берілді.
⠀
Айта кетелік, олимпиадаға облысымыздың аудан, ауыл мектептерінің 4-сынып оқушылары қатысты. Барлығы 523 оқушы.
⠀
Гимназия мұғалімдері ұжымдасқан түрде аудан орталықтарына барып, олимпиада өткізді.
⠀
Ал, Павлодар қаласы мен аудан мектептерінің оқушылары гимназиямызға келіп, білім додасында бақтарын сынады.
⠀
Жеңімпаздар мен оқушыларға мектеп атынан алғысымызды білдіреміз.