ІІ тоқсан қорытындысы бойынша Педагогикалық кеңес
Бүгін мектебімізде Педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің бірінші бөлімін дәстүрлі форматта өткізіп, өткен тоқсандағы білім деңгейіне анализ жасалды. Білім көрсеткіші төмен болған сыныптарды III тоқсанда бақылауға алып жұмыс жасау тапсырылды. Алдымыздағы бастағалы жатқан жаңа тоқсанға мақсаттарымызды анықтап, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлестік жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Демалыс кезінде мұғалімдер рейтингісін анықтайтын шығармашылық топтың есебін тыңдадық. Шығармашылық топ жасалған жұмыстарды нақты атап кетіп, қазыргі уақыт бойынша рейтингтегі топ бастап келе жатқан және оутсайдер мұғалімдерді атап алда жұмыс жасау керек екендігін ескертті.
Екінші бөлімде “Z буын өкілдерін оқыту мәселелері” бойынша Воркшоп форматында семинар-тренинг өтті. Барлық әріптестеріміз белсене қатысып, “Z” буыны жайлы жан-жақты сұрақтарға қызықты жауаптар алды.

