«Тәуелсіздік - Тұғырым» атты мерекелік концерт
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде «Тәуелсіздік - Тұғырым» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
⠀
Концертке мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.
⠀
Шара барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқу ісінің үздігі» грамотасымен, Жапарова Кәмшат Мүбәраковна марапатталса, «Құрмет» грамотасымен Мұхамеджанова Райгүл Жетпісовна марапатталды. Асаинов Болат Нұржанұлы алғыс хат иеленді.
⠀
Сондай-ақ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Күміс қалам» атты мектепішілік эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.
