Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Алтынсариндық жас талант Асығатұлы Шыңғыс халықаралық байқаудың жеңімпазы

Алтынсариндық жас талант Асығатұлы Шыңғыс халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды!

Алтынсариндық жас талант Асығатұлы Шыңғыс халықаралық байқаудың жеңімпазыНұр-Сұлтан қаласындағы Елбасы кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...»  халықаралық шығармашылық байқауы өткен болатын.

Қазақстанның барлық облыстарынан бөлек, Ресей, Индонезия, Өзбекстан елдерінен жиналған 167 жас өнерпаз арасында гимназиялық өреніміз Шыңғыс Асығатұлы ЖЕҢІМПАЗ атанды.

Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түркі академиясы және М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен бірлесе отырып ұйымдастырды.