«Нұр ана» қоғамдық бірлестігінің белді мүшелері мен «Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты кездесу кеші
Бүгін гимназиямызда «Нұр ана» қоғамдық бірлестігінің белді мүшелері мен «Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты кездесу кеші өткізілді.
⠀Келелі кездесу «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында ұйымдастырылды.
⠀
Мақсаты - ақ жаулықты аналардың пікірін тыңдату арқылы қазақ қызы қандай болу керек деген ой қалдыру, болашақ ана ретінде отбасының береке-бірлігін сақтауға, мәдениетті, көркі ақылына сай қазақ қыздарын тәрбиелеу.
⠀
Көненің көзін көрген асыл әжелер жиналғандарға өз білген-түйгендерімен бөлісіп, бата тілектерін жеткізді.
⠀
Ұйымдастырушылар:
Жапарова К.М.
Шаймерденова К.М.