Оқушылар арасындағы республикалық айтыс
Павлодарда тұңғыш рет оқушылар арасында республикалық айтыс өтті.
Өңірде оқушылар арасында республикалық деңгейдегі алғашқы айтысты Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия ұйымдастырды.
Айтыс ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы және Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 60 жылдығына арналды.