Жас мамандарды ұстаздар қатарына қабылдау салтанаты
2021 жылғы 4 қараша күні мектебімізде жас мамандарды ұстаздар қатарына қабылдау салтанаты өтті.
Биылғы оқу жылында еңбек жолын алғаш бастаған бес ұстазға (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұхамбетжан К.Н., математика пәнінің мұғалімі Бектас С.И., орыс тілі пәнінің мұғалімі Қалел М.А., тарих пәнінің мұғалімі Әлдебеков Қ.Ш., тәрбиеші Абулхаирова Л.Х.) мектеп директоры Қалдыбаев Шоқан Түймебайұлы жүрекжарды тілегін айтты.
⠀
Кеш барысында жас мамандарымыз әртүрлі сынақтардан өтті. Әр сынақ оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асты.
⠀
Ұстаздар қатарына қабылдау рәсімдерінен кейін жас мамандарымыз Ант берді. Соңында тәлімгерлері құттықтап, төсбелгі тағып, ұстаздық қызметке қажетті жаднама ұсынды.
