«Тиімді сабақ жоспарын құру» тақырыбында жас мамандар мен тәлімгерлердің отырысы
2021 жылғы 2 қараша күні мектебімізде жас мамандарға сабақ жоспарын дұрыс жасауға, жоспарланған сабақты дұрыс өткізуге, өткізген сабағына дұрыс талдау жасауына көмектесу мақсатында «Тиімді сабақ жоспарын құру» тақырыбында жас мамандар мен тәлімгерлердің отырысы өтті.
⠀
«Бір-бірімізді білеміз бе?» тренингі арқылы жас маман мен тәлімгер бір-бірін қаншалықты білетіндіктерін анықтады.
⠀
Отырыстың келесі кезеңінде жас мамандар жұптық жұмыс жасады. Олардың әрқайсысы үй тапсырмасы ретінде дайындап әкелген қысқа мерзімді сабақ жоспарларын талдап, жақсартылған сабақ жоспарын жасады.
⠀
Бұл уақытта тәлімгерлер топтық жұмыс арқылы сабақты талдау кестесін құрды. Одан кейін тәлімгерлер өздерінің тәлім алушыларымен бірігіп, тиімді сабақ жоспарын жасады.
⠀
Жұмыс барысында «Желпуіш» әдісі арқылы сабақты жоспарлау, өткізу барысында байқалатын проблемалар анықталып, шешімдер ұсынылды. Отырыс соңында жас мамандар «Шеринг» әдісі арқылы отырыстан алған әсерлерімен бөлісті.
