«Білім берудегі олқылықтармен жұмыс» тақырыбында Ақтоғай ауданының мұғалімдерімен семинар
Бүгін «Білім берудегі олқылықтармен жұмыс» тақырыбында Ақтоғай ауданының мұғалімдерімен қашықтық форматында семинар өткізілді.
⠀
Аталмыш семинар, аудан мектептерін кәсіби қолдау ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
⠀
Семинар жұмысы 10 бағыт бойынша жүргізілді.
⠀
Онда мектебіміздің қазақ тілі, математика, физика, тарих, география, биология, IT, химия, пәндерінің мұғалімдері қатысып, білімдегі олқылықтармен жұмыс тәсілімен, сабақты зерттеудің Lesson study формасымен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісті.
⠀
Сынып жекекшілеріне арналған «Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында секция жұмыс жасады.
⠀
Семинар аясында жас мамандарға арналған қалыптастырушы бағалау бойынша секция, мектеп басшыларының орынбасарлары мен информатиктер үшін STEM білім берудегі жаңа тренд туралы кеңес берілді.
⠀
Семинардан соң гугл бағдарламасы арқылы мұғалімдер сауалнамаға қатысып, кері байланыс жасалды, екі тараптың қатысушылары бір-біріне алғыс білдірді.
