Арайлы алтын күз
Бүгін 5-6 сынып оқушылары арасында «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кеші өтті.
Балалар ойын, ән, би арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеріп, таныстырылым мен сән байқауында ерекше өнер көрсетті.
Сәнді киінген ұл-қыздарымыз, күздің кереметін аша білді.
Әділқазылар қатысушылардың өнері мен әр кезең бойынша жинаған ұпай санымен жеңімпаздарды анықтады.
Бас жүлде иегері 6«А» сынып:
Қайрат Алдияр, Оразалы Нұрия
I орын 5«Б» сынып:
Серикбол Махамбет мен Татенова Дильназ
II орын 5«А» сынып:
Маден Айнұр мен Олжа Ахмет
III орын 6«Б» сынып:
Мырзагалиев Жанали мен Шарапиденова Аяулы
«КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинациясын иеленгені үшін 5«Ә» сыныбы Бахтер Ахан мен Бесекеева Гүлден марапатталды.
