Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Тәуелсіздік жетістіктері

Бүгін білім ордамызда облыс әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы мектеп бітіруші түлектермен ашық сабақ өткізді.

«Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткен ашық сабақта ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктері мен Тәуелсіз еліміздің жетістіктері туралы баяндалды.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары оқушыларға Тәуелсіздік жетістіктері жайлы айтып берді.

- Тәуелсіздік алғалы еліміз әлемге танылып, көптеген белестерден асты. Бастысы - елімізде халықтың бірлігі, бейбітшілік бар. Ол ел болып қалыптасуда басты рөлге ие. Әрі бейбітшілік болмаса, өзге елден инвесторлар келіп, жаңа технологияларға қаржы құймайды. Демек, елдің дамуы тежеледі. Біздің жас кезімізде үлкендер елдің болашағы – жастар дегенге онша сенбейтінбіз. Бүгін 1991 жылғы Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстырып, сол сөздің рас екенін байқаймыз. Сондықтан мемлекетіміздің одан әрі жетістікке жетуі сендердің қолдарыңда, - деді оқушыларға Айзада Құрманова.

 

Тәуелсіздік жетістіктері
Тәуелсіздік жетістіктері
Тәуелсіздік жетістіктері