Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі

5-қараша күні қаламыздағы №25 мектепте 5-7-сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңі болып өтті. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатынан 12 жоба ұсынылып, оның 7-і жүлделі орындарды қанжығаларына байлады. Атап айтсақ, этномәдениеттану секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Мырзабек Дами 1-орын (ғыл.жетекшісі: Окпина Б.М.), қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Мұхаметжан Аружан 2-орын (ғыл.жетекшісі: Қайрат А.Қ.), 6-сынып  русский язык и литература секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Вахитова Дильназ 2-орын (ғыл.жетекшісі: Бекенова Қ.К.), математика секциясы бойынша 6-сынып оқушысы Мұстафина Нұрай 3-орын (ғыл.жетекшісі: Ергалиева М.С.), информатика секциясы бойынша 5-сынып оқушылары Каримов Мансур мен Қаиркен Күлшім 3-орын (ғыл.жетекшісі: Кенжебаева Д.К.), өлкетану секциясы бойынша 7-сынып оқушылары Жанболат Назерке мен Айнұр Жұпаргүл 3-орын (ғыл.жетекшісі: Хасенова С.М.), өлкетану секциясы бойынша 5-сынып оқушысы Жеңісбек Әлихан «Ең жақсы бақылау»  номинациясына ие болды (ғыл. жетекшісі: Мұхтар Д.Б.). Сайыс қорытындысы бойынша  мектеп құрамасының 3-орынға ие болуы да қуантарлық жай. Жүлдемен оралған оқушыларға шығармашылық ізденіс жолында қанаттарың талмай, жеңістің төрінен көріне беріңіздер демекпіз. Осы сайысқа баптап, дайындаған ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, шәкірт тәрбиелеуде алар асуларыңыз көп болғай!