РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

2015 жылғы ақпанның 18 – 21 күндері аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытынды кезеңіне біздің мектептен 5 оқушы (4 жоба) өткен болатын. Конкурстың қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз 3 қола медальмен және 1 ғылыми жұмыстың авторлары «Дарын» РҒПО-ң құрмет грамотасымен марапатталды. Олар:
11 сынып оқушысы Қуанышева Ақерке «Физика» секциясы, 11 сынып оқушысы Аумаликова Алтынай«Тарих» секциясы және Ергалым Диана «Этномәдениеттану» секциясы бойынша ІІІ орынды иеленсе, «Тіл білімі» секциясы бойынша қатысқан Едыге Камила мен Саятова Мадина құрмет грамотасымен марапатталды.
Жүлдегер оқушыларымыз бен оларды дайындаған ұстаздарын жеңістерімен құттықтап, сәттілік пен табыс тілейміз!
