"ЗЕРДЕ" ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

2013 жылдың қараша айының сегізі Павлодар қаласының №25 мектебінде 1-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ІХ Республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл байқауға біздің мектептен 4 оқушы қатысты. 7 Ә сынып оқушысы Каткенова Майда"Табиғат кешенін қорғау қажеттілігі" атты жұмысын қорғап, байқауда ІІ жүлделі орынға ие болды. Майданың ғылыми жетекшісі география пәнінің мұғалімі Нургожинова Бақытжан мұғалімге алғыс айтамыз.
Каткенова Майданы жеңісімен құттықтаймыз! Талабы таудай боп, жетістіктен жетістікке жете берсін!