«ЭКСПО-2017 БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗІМЕН» ТАҚЫРЫБЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ «МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫНАН ҒЫЛЫМҒА» ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ФОРУМЫ

2013 жылғы қазанның 6-10 күндері аралығында Астана қаласының Оқушылар сарайында «ЭКСПО-2017 балалардың көзімен» тақырыбы төңірегіндегі «Мектеп табалдырығынан ғылымға» ғылым және техниканың халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумына біздің мектептен екі оқушы қатысты. 11-сынып оқушылары Серимов Ерғанат пен Есхожин Даулетбек «Электроүнемді қос қабатты тұрғын үй моделі» тақырыбымен жүлделі үшінші орынға ие болып, «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының арнайы сыйлығымен марапатталды. Оқушыларды дайындаған ғылыми жетекші Дауенов Ернұр Нұрланұлына алғыс айтамыз.
11-сынып оқушылары Серимов Ерғанат пен Есхожин Даулетбекті жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта тек қана биік шыңдардан, асу белдерден көрінетініне сенімдіміз.