Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

V ОБЛЫСТЫҚ МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

V ОБЛЫСТЫҚ МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2014 жылғы 23  мамыр  күні Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында V облыстық Махамбет оқулары өтті. Оқуларға 8 аудан, 3 қала және мамандандырылған мектептерден 5-11 сыныптардан 41 оқушы қатысты. Махамбет оқулары 3 бағытта өткізілді:

І. «Ел кұтқарар ер едім» - Махамбет шығармаларын  жатқа оқу;

ІІ. «Тортынбай сөйлер асылмын...» атты  бағыты (өз шығармаларын орындау:өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар);

ІІІ. «Ұлы арман» атты - Махамбет күйлерін орындаушылардың байқауы.

Бұл оқуларға біздің мектептің екі оқушысы қатысып, нәтижесінде: 8-сынып оқушысы Нұрбекова Жансая «Ел кұтқарар ер едім» - Махамбет шығармаларын  жатқа оқу бағытында І орынға ие болды, ал 7-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан «Тортынбай сөйлер асылмын...» атты  бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломға ие болды.  Және «Ұстаздық еткен жалықпас» номинацисымен біздің мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Зылғарин Нұрбек Майданұлы марапатталды.

Құттықтаймыз!