МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫНЫҢ "БАС ЖҮЛДЕ" ЖЕҢІМПАЗЫ БАЙРОН ДОСБЕКТІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мәшһүр Жүсіп оқуларының "Бас жүлде" жеңімпазы Байрон Досбек Дүйсенбекұлын құттықтаймыз!
26 қыркүйек күні Павлодар қаласының Тіл орталығының ұйымдастыруымен Мәшһүр Жүсіп оқулары өткізілді.Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11«а» сынып оқушысы Байрон Досбек қатысып, «Бас жүлдені» қанжығасына байлады. Жеңімпаз «Мәшһүр-Жүсіп Көпеев» медалімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
