І ОБЛЫСТЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙКАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 5 ақпан күні І облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Бұл байқауға біздің мектептің оқушылары қатысып, келесідей нәтижеге қол жеткізді:
• 9 «б»-сынып оқушысы Аманбай Нұрбек «Шешендік өнер» бағыты бойынша II орынға ие болған ;
• 6 «а»-сынып оқушысы Елжан Еркебұлан «Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша III орынды қанжығасына байлады;
• 7 «б»–сынып оқушысы Абдраймов Ердәулет «Ақындар айтысы» бағытында III орын жеңімпазы атанды.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» оза шыққан өрендерді құттықтаймыз!!!



