«ХVІ ОБЛЫСТЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ»

Павлодар облыстық білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 18 наурыз күні дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интератында ХVІ облыстық Абай оқулары өтті.
Абай оқуларына біздің мектептің 8 «б»-сынып оқушысы Жанбау Марғұлан қатысып, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды.
Және алғаш рет өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін...» І республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылар байқауының облыстық кезеңінде «Қайратты туған ер еді...» - қазақ батырлық эпостарын жыршылар мақамымен жатқа орындау конкурсында 6«а»-сынып оқушысы Елжан Еркебұлан I дәрежелі дипломға ие болды.
Құттықтаймыз!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, оқушыларымыз Елжан Еркебұланды және Жанбау Марғұланды өребәйгеге дайындаған ұстаздарымыз Қасенова Тұрсын Қомшабайқызын және Касыбаева Майра Бағдатқызын құттықтаймыз. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көріне берсін, еңбектеріңіз жемісті болсын!
