Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ БЕРУДЕ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

«АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ БЕРУДЕ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫ

6-қараша күні Павлодар облысы білім беру басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған, дәстүрлі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының ақтық кезеңі болып өтті. Конкурс білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда инновациялық тәсілдерді анықтау және тарату, облыс білім беру ұйымдарын инновациялық іс-әрекетке ынталандыруға бағытталған. Аталмыш конкурсқа белсенді қатысып, жетістікке жеткен мектебіміздің 9 «а»-сынып оқушысы Олжатаев Қуаныш I дәрежелі диплом иегері атанды. Ғылым көкжиегінде бағындырар белестерің көп болып, мектеп абыройын асқақтата бер демекпіз.