III ОБЛЫСТЫҚ МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ

2015 жылғы 27 қараша күні Павлодар қаласының №28 мектебінде жалпы білім беретін оқу орындарының 5-11 сынып оқушылары арасында III облыстық Мағжан оқулары болып өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған...» ақындық бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Абдраимов Ердәулет және «Толқынмен толқын сырласып...» атты ғылыми жоба жазу бағыты бойынша 6-сынып оқушысы Манарбекова Аружан жүлделі I орын иегерлері атанып, Қызылжар қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды. Аталмыш оқушылар облыс абыройын осы кезеңде қорғайтын болады. Осы байқауға дайындаған ұстаздары «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен марапатталды. Сәттілік тілей отырып, байқауға баптап, дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің ұстаздары Абаева Алмагүл Тұрлыханқызы мен Окпина Бақытгүл Мәулітқызын еңбекпен жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз! «Жетістік негізі – ізденісте» демекші, ізденістеріңіз бен еңбектеріңіз арта бергей!


