Кітапхананың 2016-2017 оқу жылында жасалған жұмыс талдауы
Кітапхана туралы анықтама
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар заманында педагогикалық кызметінің саласында мектеп кітапханасы маңызды рөл атқарады. Мектеп жоғары деңгейде жақсы кітапханасыз оқушылардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығын дамыту, білімділік және тәрбиелік қызметін атқара алмайды. Білім негізгі рөл атқаратын қазіргі ақпараттық қоғамда, мектеп кітапханасы жемісті жетістіктерге жету үшін керекті оқырмандарға ақпарат пен идеяларды ұсынады.
І. Кітапхана туралы анықтама
Кітапхана екінші қабатта екі кабинетте орналасқан.
Оқу залының көлемі 60 шаршы метр.
Кітапхана кітапханашының жұмыс орнынан басқа, оқырмандарға арналған абонемент, оқу залы, интернет қосылған 6 компьютермен жабдықталған.
Оқулықтар қорын сақтайтын кітап қоймасы бар.
Кітапханамен шектес оқу залында 10 көрме сөрелерінде маңызды ақпараттық оқиғалар туралы мәлімет табуға болады. Жарықтандыру санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес.
Кітапхана жұмысын 2 адам атқарады.
Кітапхана меңгерушісі – Қайырова Дана Қуанқызы, кітапханашы - Сүлейменова Еркеш Рахметовна.
Кітапханада жайлылық сезіну үшін, жұмыс істеу үшін қолайлы психологиялық жағдай жасалған. Безендірілген тақырыптық көрмелер, керекті энциклопедиялар, анықтамалар, ғылыми- әйгілік, әдістемелік, көркем әдебиет,периодикалық баспалармен жабдықталған. Жинақты материал өте мол және тақырып бойынша папкаларға безендірілген.
Кітапхана ісінің бағыттары әртүрлі–
- кітап көрмелерін ұйымдастыру,
- кітапхана сабақтарын,
- тақырыптық дәрістер,
- кітап шолу,
- викториналар өткізу.
Кітапхана пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектеп іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада , ғылыми конференция , пән аптасы , ашық сабақ , семинар, педкеңес, әдістемелік отырыс, жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады.
Сонымен қатар реферат, баяндама, шығарма, ғылыми жоба дайындаған кезінде да үнемі көмек алуға болады. Тәрбиелік жұмысының негізгі бағытында керекті әдебиет, газет және журнал мақалалар табуға жетекшілік етеді. Әрбір мектеп іс-шарасына қызығушылық танытып, тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылады және ұсынатын әдебиет тізімі құрастырылады. Қазақстан, Астана және басқа аймақтар тарихы, өлкетану, мәдениет, ғылым, өнер тақырыптарына арналған жинақталған және жүйелген ақпараттық материал өте мол және бай. Жыл сайын педагогикалық отырыста пән мұғалімдермен біріге отырып оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету, кітап қорын сақтау туралы мәселе қарастырылады.
Үнемі әртүрлі педагогикалық жаңалықтар, жаңа басылымдырдың шығуын қадағалап, идеи, экперименттер, керекті қосымша ақпарат қарастырылып, сан түрлі анықтамалық материалдар мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылады.
Ақпараттық-библиографиалық жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Қалалық басқа кітапханалармен тығыз байланыста.
Кітапхананың жұмыс уақыты – 7 жұмыс күн, жексенбі – жұмыс күні.
Гимназия директорымен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.
Кітапхананың негізгі міндеті – білімділік, ақпараттық, мәдениеттік.
Кітапхананың негізгі жұмыс бағыттары:
- Оқу және тәрбиелік процестерін барлық формалармен, әдіс - тәсілдермен кітапханалық, ақпараттық - библиографиалық қызметімен қамтамасыз ету;
- Кітап мәдениетіне баулу,оқу мәдениетін тәрбиелеу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру;
- Әрбір оқырманның оқу жүйесін қалыптастыру, құмартып кітап оқуға, кітапхана тарту жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың қызығушылығын танытып, білім негіздерін үйренуге, білімін ой-өрісін байытуға, ойлау қабілетін арттыруға көмектесу;
- Көркем кітап оқуға тарту жұмысын ұйымдастыру барысында қызмет көрсету ерекше қатынас құрамы және түрлі коммуникацияны әдістерімен пайдалану;
- Кітапханалық процестерін мен жаңа технологияларды автоматтандыру қызметінде оқырмандардың талап-тілектерін қанағаттандыру,ақпараттық, библиографиалық кызметін кеңейту;
ІІ.Қызмет мазмұны және ұйымдастырылуы.
Кітапхана қызметі «Мектеп кітапханасының негізгі нұсқаулық» бойынша және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия – интернатының кітапхана ережесіне сай атқарылады.
Кітапхана күнделікті статистикалық есеп жүргізіп отырады. Бұл есеп кітапхана қорының қозғалысы мен оқырмандардың құрамын, санын айқындайды, кітап беру және библиографиялық жұмыстың мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді.
Оқырмандар оқшауланған тобы:
5-9- сынып оқушылар саны –327, соның ішінде оқырманддар - 327 адам
10-11- сынып оқушылар саны –90, соның ішінде оқырманддар - 90 адам
Мұғалімдер саны – 43 соның ішінде оқырманддар - 43 адам
Басқа - 10 адам соның ішінде оқырманддар - 10 адам.
Оқушылардын саны – 417. Қызмет көрген барлық саны- 870. Қатынас саны – 9667. Кітап айналымы – 15723.
Оқырмандар келімі.
Оқырмандар келімі есеп тапсыру жылы – 9 бірлік.
Оқырмандар келімінің динамикасы.
Жағымды динамика - жаңа басылымдар пайда болуының,оқушының оқырман болып қалыптасуына, кітап оқудың маңызы мен қажеттілігіне ақпараттық-насихат жұмыс жүргізілуінің нәтижесі.
Сараптама пайдалануына оқырмандар келімі орташа көрсеткіші қолданылған.
Мектеп кітапханасына келушілердің кестесі.
Кестеде көрсетілгендей кітапханаға келушілер саны 5-7 сыныптар оқушылар аралығында белсенділік артты.
9-11 сыныптың кітапхана оқырмандары жоғарғы көңіл бөлуді талап етеді. Себебі олар кітапханаға сирек келеді, оның өзінде тек пән мұғалімдері тапсырма бергенде ғана. Өз талабы бойынша кітапхана келетін оқырмандар аз. Бұл күнде, ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда, оқушылардың кітапханаға келу ықыластарын, кітап оқуға тарту жұмысын жаңа басылымдар арқылы жаңартуға мүмкін. Біздің кітапханамыз жыл сайын балаларға арналған жаңа көркем-әдеби кітаптармен толықтыруда. Сонымен қатар кітап қорын қазіргі классикалық және ғылыми-әйгілік әдебиетпен толықтырғаны жөн.
Мектеп кітапханасы маңызды, қызықты «Кітап – білім бұлағы» іс-шара ұйымдастыру барысында оқушылармен танымдық әңгімелер, мерейгер-жазушылар кітаптарына шолу өткізді, слайд- презентацияларды,
видеороликтер тиімді пайдаланды. Бұл іс-шаралар оқырмандардың қоғамдық белсенділігін арттырып, кітап мәдениетіне баулиды.
Жасы үлкен оқырмандар көбінесе мектеп бағдарлама әдебиетіне және периодикалық басылымдарға көңіл бөледі, классикадан тыс әдебиетін аз оқиды.
Мұғалім-оқырмадарға ақпараттық минуталар, әдебиет шолулар, кітап көрмелері ұйымдастырылған.
Оқырмандардың қызығып оқитын бағдарлама бойынша көркем, балалық, периодикалық әдебиеті.
Өкінішке орай, жаңа басылымдардың саны аз болғандықтан, сұраныс та азайды. Педагогикалық қызметкерлері білім беру әдістемесіне, сабақ өткізу жаңа технологияларына қызығушылық танытады. Пән журналдар, тәлім - тәрбие беру жұмысына керекті журналдар көп сұраныста.
Мектеп кітапхана қоры электрондық материалдармен толықтыруда, бірақ интернетті қоғамдық пайдалану орталығында материалдар ұсынылады. Іздегенін табуда қазіргі таңда киынға түспейді.
Кітапхананың ақпараттық-библиографиалық және анықтамалық жұмысы.
Кітапхананың электрондық, жүйелік каталогтармен қалыптасуы жалғасуда. Кітапхана жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педагогикалық ұжымымен біріге отырып, оқырмандардың творчестволық дербестігін қалыптастырады.
Жыл бойы оқырмандардан әртүрлі тапсырыс түседі. Көбінесе кітапхана керекті реферат, баяндама, шығарма, ғылыми жоба дайындық кезінде, жалпы мектепшілік іс-шаралар, сыныптан тыс жұмысы, педагогикалық кеңес, мектеп әдістемелік отырысын өткізуге керекті материал, анықтамалар ұсынады.
Ақпараттық-библиографиалық мәдениетін тәрбиелеу, кітапхана- библиографиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін кітапханалық сабақтар, танымдық экскурсиялар өткізіледі. Кітапхана тіршілігімен, өз қызметімен таныстырады. Кітап қорын көрсетуге тақырыптық сөрелері, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері безендіріледі.
Келесі тақырыптық кітап көрмесі безендірілген:
1 |
Мемлекеттік тіл-менің тілім |
2 |
«Бір ел-бір кітап» Дулат Бабатайұлы |
3 |
А. Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл |
4 |
Алаш орда қозғалысына 100 жыл |
5 |
Ыбрай Алтынсарин туғанына 175 жыл |
6 |
Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі |
7 |
3 қазан- Мұғалімдер күні |
8 |
ЭКСПО -2017 |
9 |
Шығыстын ұлылары |
10 |
Қазақ әдебиетінің бес арысы |
11 |
Қазақстанның ұлттық валюта күні – «Мемлекет және ақша туралы» |
12 |
Халық перзенті Бауыржан Момышұлы |
13 |
«Менің өмірімдегі- кітаптың орны» |
14 |
Балалық шаққа саяхат |
15 |
Күн шуағын төккен жан |
16 |
Туған жерім – аялы алтын бесігім |
17 |
Тіл байлығы мақалда |
18 |
Сөздіктер |
19 |
1 желтоқсан-СПИДпен /ЖҚТБ/-дүниежүзілік күрес күні «СПИД - әлеуметтік індет» |
20 |
Зиянды әдеттерден аулақ бол |
21 |
Тәуелсіздік –Ата-бабам арманы» |
22 |
Өз құқығынды білесің бе? |
23 |
Ертегілер елінде |
24 |
Менің қорғаным – заңды білгенім! |
25 |
«Тіл ел мәртебесі» |
26 |
Акына, жыршы, Жамбыл Жабаевқа – 170 жыл (1846-1945). |
27 |
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні. |
28 |
«Наурыз мейрамы құтты болсын!» (22-наурыз мерекесіне байланысты) |
29 |
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз! |
30 |
Халықаралық кітабі күніне. |
31 |
12 сәуір - Ғарыш күні |
32 |
15 сәуір - ақын, жазушысы Николай Гумилевтың 130 жыл |
33 |
Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні |
34 |
1Мамыр-ынтымақтастық күні |
35 |
9 мамыр – Женіс күні |
36 |
Өшпес ерлік-ұрпаққа мұра» |
«Бір ел – бір кітап» акциясы
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады
«Бір ел – бір кітап» - 2016» акциясы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылді. 23.09.2016 кітапханада 9-11 сынып оқушылармен «Ақылы - асыл, аты –аңыз» Дулат Бабатайұлының кеші өткізілді.
Ыбырай Алтынсарин туғанына 175 жыл
Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізілген еңбектері туралы оқушыларға түсіндіре отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. «Ы.Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық, өнегелі әлеуеті және қазіргі заман» атты мектепте конференция өтті. 5-11 сынып оқушылары қатысты. Кітапханада тақырыптық сөре безендірілген.
Алаш көсемі Ахмет Байтұрсыновқа 145 жыл!
Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Оқушылардың толеранттылық, мемлекет тарихына танымдық қызығушылығын күшейту, мәдени және тарихи құндылықтарды зерттеу мақсатында қазақ тілі мұғалімдерімен және кітапханашылар мектебімізде тілдер апталығы аясында Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған кеші өтті. Тәрбиелік мәні зор іс-шара жоғары дәрежеде өтті.
«Менің тұңғыш Президентім»
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Кітапханада 01.12.16 ж оқушыларға кітапханалық сабақ өтті. 5-6 сынып оқушыларға викторинасұрақтар қойылды. Кітапханада жылдық «Менің тұңғыш Президентім» тақырыптық сөре безендірілген.
Қазақстан Тұңғыш Президенті күніне орай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президенті туралы білімді арттыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханашылар оқырмандарды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянымен және алғашқы Президенттің кітаптарымен таныстырды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі.
Бұл мереке екі бөлімнен тұрады:1. «Тәуелсіздік –Ата-бабам арманы»
«Ел болмысы-өткен тарихтан» кітапханада тақырыптық көрме безедіріледі. Мектепте қауіпті заттарды пайдалану, ақпараттық-библиографиялық алдын алу және кітапханада салауатты өмір салтын мәдениетін қалыптастыру мақсатында «СПИД- пен дүниежүзілік күрес күні», « Дені саудың – тәні сау» көрмесі безендірілген. Сонымен қатар, кітапханашылар тақырыптық материалдар таңдау және іздеуге көмектеседі. «Қазақстан Республикасының заңдарында», «Салауатты өмір салты», «Жаман әдеттердің алдын алу», «Достық пен сыпайылық туралы», «Ата-аналармен жұмыс».
Мұндай басылымдар сынып сағаттары үшін пайдаланылады.Республикалық және жергілікті газеттерден алынған мақалалар мен журналдар, материалдар сабақтан тыс іс-шаралар дайындауға көмектеседі.
Кітапханада мектеп кәсіптік бағдар бойынша жұмыс істейтін ақпарат бар. Осы бағыттың мақсаты - ең айқын және нақты жолын құру. Бұл - болашақта мамандықтардың кітап қорын мағыналы таңдау жасауға және оның тұлғалық ерекшеліктер туралы ақпарат алуға көмектеседі.
Осылайша, тақырыптық әдебиет және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы, кітапхана кәсіби бағдар бойынша топтық және жеке кеңес беру орталығы болып табылады.
Кітап қорымен жұмыс
|
2015-2016
|
2016-2017
|
Кітап қоры
|
27203 |
37174 |
Жаңа буын оқулықтар
|
2189
|
3674
|
Қордын өсуі
|
2189
|
3674
|
Электрондық
|
860
|
860
|
Кітап қоры – есеп кестесі
Кітапхана қоры оқу, бағдарламалық, көркем,салалық , анықтамалық әдебиетпен камтамасыз етуде, сонымен қатар топтарға оқшауланған:
- орта буын сынып оқушылары - 5-8
- жоғары сыныптар оқушылары - 9-11
- периодикалық қоры
- қазіргі оқу-тәрбиелік талабы есептелген оқу әдебиет қоры, тізбе бойынша
оқулықтар.
Мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік материалдар жиынтығы бар.
Газет пен журналдарға жазылым жасалды. Жыл сайын кітапхана қоры мемлекеттік бюджетінен /Білім басқармасынан/ әдебиетпен толықтыруда.
Кітап қорының есеп алу мақсатымен келесі құжаттама қамтамасыз етуде:
Есеп-қаржы құжаттамасы:
- Кітап қордың жиынтық есеп кітабы;
- Инвентарлық кітаптар;
- Қордың түсіміне арналған папкалар;
- Үстеме шығындар папкалар;
- Оқулықтарға арналған жиынтық есеп кітабы;
- Әдебиетті уақытша сақтау есеп дәптері;
- Жоғалған кітап орнына, оқырмандардан түсіміне арналған есеп дәптері;
Құжаттама жазбасы уақытында жүргізіледі.
Кітап қоры кітапхана тәртібіне сай орналастырылған, техникалық өңделінген.
Жыл бойы кітап қорының орналастыруы, баспалардың жайғастыру тәртібі тексеріледі.
Ағымды жаңғырту, жөндеу жұмысы өткізіледі.
Негізгі кітап қоры ашық –кіруі еркін, оқулық қорына кіріуіне жол берілмейді.
Кітап қорының сақталу тәртібі бұзылмайды.