Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Кітаптің үйі – кітапхана" атты кітапханалық сабақ

  

 

Кітаптің  үйі – кітапхана

Мақсат: Оқушылардың кітапханаға деген білім-біліктерін, қызығушылықтарын арттыру.

 

Ойын кезеңдері:

  1. Эстафета “Кітапхана үйі – кітапхана”
  2. Балалар энциклопедиясы
  3. Алфавиттік каталог
  4. Кітап тарихы
  5. Салалық сөздіктер
  6. Жүйелілік каталог
  7. Ұлттық энциклопедиясы

 

І кезең.  Эстафета: Кітаптің үйі – кітапхана

     Оқушыларды екі топқа бөліп, сұрақтар қойылады. Жауптары жылдам және дұрыс болса бір ұпай беріледі.

1) Кітапхана дегеніміз не?

2) Кітапхана абонементі дегеніміз не?

3) Кітапханада оқу залы дегеніміз не?

4) Сіздердің алдарыңызда кітап. Бұл кітаптың негізгі элементерін ата.  Неден құрылады?

5) Аннотация дегеніміз не?

6) Аннотациядан басқа кітап мазмұны не айтады?

7) Каталог дегеніміз не?

8) Кітапханада қандай каталог бар?

9) Ең үлкен әмбебаб энциклопедиясы?

10) Қандай анықтамалық әдебиет түрлерін білесіндер?

11) Кітаптың титулдық бетінен қандай мәліметтер алуға болады?

 

II  кезең.  Балалар энциклопедиясы

     Тапсырмалар энциклопедия бойынша құрылған. Бірінші және дұрыс орындаған топқа 4 ұпайдан беріледі, екінші орындаған топқа 3 ұпай беріледі.

1) Математик Пифагор қашан және қай жерде тұрды ? Қай энциклопедияға жүгінесіздер?

2) Қазақ ғылымы Қанаш Сатапаев туралы мәлімет табу? Энциклопедияның қай томынан алдыңыздар?

3) Жерде қанша халық бар? Ең көп халықты ата? Жауабын қай энциклопедиядан алдыңыз?

4) Абылай ханның ел билеуі жылдары?

 

III кезең.  Алфавиттік каталог

    Бұл сайыс оқушылардың алфавиттік каталогымен қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Топтарға әр түрлі тапсырма үлестірме парақшалар беріледі. Бірінші және дұрыс орындаған топқа 4 ұпайдан беріледі, екінші орындаған топқа 3 ұпай беріледі.

 

Тапсырмалары бар үлестірме парақшалар. .

1) Кітапханада Міржақып Дулатұлының қандай кітаптары бар? 3–4 кітаптарын ата.

2) Бейінбет Майлин  “Шұғаның белгісі ”. Кітапханада қай бөлімінен табу болады?

3) “Жан пида”, “Боранды бекет”. Ш. Айтматовтың кітаптары. Осы жазушының бұдан басқа  қандай кітаптары бар?

4) Кітапханада “Мектеп кітапханасы” сериясынан  Дихан Әбілевтың қандай шығармалары бар?

  

IV кезең.  Сұрақ-жауап ойыны: Кітап тарихы

1) Папирус дегеніміз не?

2) Хат жазу үшін адамдар қандай материалдарды қолданды?

3) Ежелгі Египетің ең үлкен кітапханасын ата?

4) Қайда, қашан және кім бірінші басылымды станокты құрды?

  

V кезең. Салалық сөздіктер 

     Жас музыкант, матемтатика, физика, қазақ тілі энциклопедиялық сөздіктері бөлек үстелде орналасқан. 

Топтарға әр түрлі тапсырма үлестірме парақшалар беріледі. Бірінші және дұрыс орындаған топқа 4 ұпайдан беріледі, екінші орындаған топқа 3 ұпай беріледі.

1) Фортопиано туралы реферат жазу керек. Қай сөздіктен мәлімет алдыңыз?

2) Синоним сөз мағнасын табу үшін қай сөздікке көңіл аударасыз?

3) Орыс механигі Кулибин И.П. нені зерттеді? Мәліметті сөздіктен тап.

4) Ньютон – физик.  Ол ағылшын ғалымы ма, әлде  америкалық?

 

VI кезең. Жүйелілік каталог

     Топтарға әр түрлі тапсырма үлестірме парақшалар беріледі. Бірінші және дұрыс орындаған топқа 4 ұпайдан беріледі, екінші орындаған топқа 3 ұпай беріледі.

1) Кітапханада шахмат туралы қандай кітаптар бар?

2) Кітап қорында ағылшын жазушылардың қандай кітаптары бар? Тегін  атап беріңіз.

3) Кітапханада аңдар туралы қандай кітаптар бар? 2-3 кітапты ата.

4) Казақ совет артистері туралы қандай кітаптар бар? Атап бер.

 

VII кезең. Ұлтық энциклопедиясы

     Анықтама орындау үшін оқушылардың алдына Қазақ Совет Энциклопедисы мен Ұлттық Энциклопедисы қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпадан беріледі.

1) Аға сұлтаны Шыңғыс Уалихановтың туған жылы?

2) Шыңдауыл дегеніміз не?

3) Кітап қоры – ол не?

4) Безоар ешкісі қай жерлерде кездеседі?

 

Әділ қазылар алқасы ойының  қорытындысын шығарады.  1 орынға ие болған топқа “үздік” баға қойылады.

 

  

 

Құрастырған:  кітапханашы Д.Қ.Қайырова