Үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі
19 қыркүйекте үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі өтті. Оқушыларымыз жәрмеңке барысында 2024-2025 оқу жылына ұсынылған үйірмелерге жазылды. Әрбір үйірме және секция былтырғы жыл жетістіктерін қөрсетіп, ұсынды. Барлық оқушыларға сәттілік пен алар асулары мол болсын деп тілейміз!
Тоғызқұмалақ флешмобы
2024 жылғы 09 қыркүйекте гимназия-интернат оқушылары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған тоғызқұмалақ флешмобына қатысты.
Тоғызқұмалақ флешмобы
2024 жылғы 09 қыркүйекте гимназия-интернат оқушылары 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған тоғызқұмалақ флешмобына қатысты.
“Шахмат стратегиясы” тақырыбында онлайн кездесу
Мектеп оқушыларымен танымал шахматшы Халықаралық дәрежедегі арбитр Габдушев Арман Амангельдиновичпен “Шахмат стратегиясы” тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
⠀
Кездесуде жастарға жеңіске жетудің сырлары, жасөспірімдерді шахматқа баулу төңірегінде ой қозғалды.
⠀
Сондай-ақ өмір жолы мен спорттағы табыстары туралы кеңірек әңгімелеп, жаттықтырушы тарапынан шахмат үйірмесіне қатысып жүрген оқушыларымызға шахмат ойынының стратегиялары жайлы түсінік берілді.
"Абай мұрасы - халық ұлағаты" дөңгелек үстел
Ұлы ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай мектебімізде ақынның қара сөздерінің сипатына тоқталып, тақырыптық жағынан талдау жұмыстары "Абай мұрасы - халық ұлағаты" деген атаумен дөңгелек үстел үстінде жалғасты. Естеріңізде болса өткен апта Абайдың бірінші, екінші және үшінші қара сөздерін 5 а, б -сынып оқушылары мектеп кітапханасында талдаған болатын. Бұл жолы ақынның төртінші, бесінші қара сөздерін 5 б, в- сынып оқушылары жаттап келіп, ондағы адамгершілік пен ізгілікті дәріптейтін сөздерге тоқталды. Иә, бұл керемет бастама оқушыларымыздың ой-саналарын дамытып, бойларына рухани азық берері айқын. Шара соңында мектеп оқушылары кітапхана қорына бағалы кітаптарды табыстап, ақын өлеңдерінен тарту
Шахмат кабинеті
Gımnazııamyzdyń shahmat kabınetіmen tanys bolyńyzdar. Bul oqýshylarymyzdyń bos ýaqyt ótkіzetіn súıіktі orny. Barlyq shákіrtterіmіzdі aqyl-oıdyń azyǵy bolyp tabylatyn oıyn túrіmen aınalysýǵa shaqyramyz.
_______________________
Гимназиямыздың шаxмат кабинетімен таныс болыңыздар. Бұл оқушыларымыздың бос уақыт өткізетін сүйікті орны. Барлық шәкірттерімізді ақыл-ойдың азығы болып табылатын ойын түрімен айналысуға шақырамыз.