Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

АЛЫП ЖЕМІСТЕР

Алып жемістер

 

Үйреншікті ұғымымызда жерден өсетін көкөніс-жеміс біткеннің ең үлкені деп қауын-қарбызды ойлаймыз. Негізінде салмағы мен көлемі жағынан үлкен жеміс – Сейшель аралында өсетін пальманың жаңғағы екен. Оның диаметрі жарты метрге жетіп, 25 кг-ға дейін салмақ қосады. Бір пальма осындай отыз жемістен бере алады. Олардың қабығы өте қатты болады және баяу жетіледі. Гүлденгеннен кейін төртінші жылы ғана көлемі өсіп, пісуіне тағы екі жыл керек екен. Нанағаш боп аталатын ағаштың жемісі сол ағаштың тура діңгегіне бітеді. Оның 40 кг-ға жететін салмағын ешбір бұта көтеріп тұра алмас еді. Олар көлемі жағынан да Сейшель жаңғағынан ірі. Ұзындығы 90 см, ені 50 см-ге жуық. Нанаағашының жемісінен жергілікті тұрғындар қамыр илеп нан пісіреді.
Дегенмен, ең ірі жемістер ағаш басында емес жерде өседі деген пікір дұрыс. Көкөністің ішіндегі ең ірісі – асқабақ. 1970-жылы Англияда салмағы центнерге жуық 92 кг 750 гр. Асқабақ өсіріліп, көрмеде көрсетіліпті.