Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

                                                                                                                                                 Бекітемін:
 
                                                   Мектеп директоры:                   Ж.Н.Сулейменов
 
 
 
 
 
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы 
 
 
ЕРЕЖЕЛЕР
 
       Осы Ережелер гимназия-интернатының қызметінің тәртібін анықтайды.
 
 
 
Гимназия –интернатының қызметі оқушының қызығушылығы мен қабілетін дамытуға, кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталған, оқушының өз таңдауы бойынша бағдарлы оқыту жүзеге асырылады.
 
  
 
Гимназия-интернатының оқушылары міндетті:
 
1) ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
 
2) білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;
 
3) өзінің мәдени деңгейін жүйелі арттыруға;
 
4) мұғалімдердің, тәрбиешілердің және оқушылардың құқығын, атақ-абыройын құрметтеуге және сақтауға;
 
5) сабақтан кешікпеуге және себепсіз қалмауға.
 
 
 
Ата-аналар міндетті:
 
1) ата-аналардың гимназия-интернатпен, қамқорлық кеңеспен жасасқан шартының жағдайларын орындауға;
 
2) балалардың, оқытушылардың, гимназия-интернат қызметкерлерінің және басқа да ата-аналардың құқығын сақтауға;
 
3) гимназия-интернатына сынып тәрбиешісінің және әкімшіліктің шақыруы бойынша келуге;
 
4) балалардың мектеп тәртібін бұзған жағдайда өз тарапынан шара қолдануына және келтірілген материалдық шығынды өтеуге;
 
5) гимназия-интернаты әкімшілігінің сұрауы бойынша мектепішілік шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға.
 
6) Сынып тәрбиешілеріне әр аптаның соңында хабарласып, баланың жағдайын білуіне
 
 
 
     Бұл міндеттерді орындамаған жағдайда және жалпы  білім сатыларындағы   нақты пәндер бойынша білім беру бағдарламасын игере алмаған жағдайда оқушылар І-жарты жылдықтың қорытындысынан кейін оқудан шығарылады.
 
 
 
 
 
 
 
                          Таныстым:                                       /ата-ана/