Республикалық ән байқау–фестивалі
2017 жылдың 24 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында эстрада-вокалдық «Новогодний переполох» тақырыбында республикалық байқау–фестивалі өтті. Мектебімізден 5-сынып оқушысы Қали Ақерке қатысып, І орынды қанжығасына байлады. Жетекшісі Сейсембинова Диляра Мендигалиевна Алғыс хатпен марапатталды. Жас әнші Ақеркені жеңісімен құттықтаймыз.
«АЛАУ» ЭСТРАДА СТУДИЯСЫ

Мектептегі музыкалық тәрбиенің маңызды міндеті оқушылардың музыкалық шығармашылық қабілет әрекетін қалыптастыру. Қазіргі оқушы болашақта, сөзсіз, өзінің қызығушылықтарымен танымдарды білдіретін тұлға. Өнермен қатынасты өзінің ішкі әлемін жетілдіру ме, әлде жай ғана көңілді жадырататын музыканы қабылдау ма – бұл тыңдаушылық музыкалық мәдениетінің қалыптасуынан басталады. Мұғалім оқушылардың ішкі әлемді игеретіндей оларда музыканы қабылдау қажеттілігін қалыптастыру керек.
"АЙЖАН ҚЫЗ" БИ ТОБЫ

Мақсаты: • Хореография би өнерінің негіздерін меңгерту; • Қазақ және басқа ұлт өкілдерінің би өнерімен таныстыру.