Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Мектебімізден оқушылар олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Жалпы қатысқан 26 команда ішінен біздің мектеп “Ең үздік олимпиадалық команда-2025” номинациясы бойынша марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2025 жылдың 5-9 қаңтар аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден оқушылар олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Жалпы қатысқан 26 команда ішінен біздің мектеп “Ең үздік олимпиадалық команда-2025” номинациясы бойынша марапатталды. 11 сынып оқушысы Алигожина Даянаға Ә.Марғұлан университетінің оқу гранты табысталды. Оқушыларды білім сайысына дайындап білім берген ұстаздарына және оқушыларлың жетістікке жетуіне қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Хабидуллаева Аружан-I орын, қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып (Ахметова Г.К.)
Тулеу Назира-I орын, қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып (Зылгарин Н.М.)
Мұсайлла Айзере-I орын, Қазақстан тарихы 8(9) сынып (Болат С.А.)
Кәрімжан Дәрия-II орын, ағылшын тілі 9 сынып (Жангабулова Ж.Е.)
Ахмет Даяна-II орын, ағылшын тілі 10 сынып (Искакова Д.С.)
Алигожина Даяна-II орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 11 сынып (Бекенова К.К.)
Бейсембаева Аружан-II орын, құқық негіздері 9 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Закерия Мұртаза-II орын, құқық негіздері 10 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Сатенова Фарида -II орын, қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып (Окпина Б.М.)
Хамзин Мади-III орын, Қазақстан тарихы 10 сынып (Болат С.А.)
Темірболат Алуа-III орын, Қазақстан тарихы 10 сынып (Болат С.А.)
Төкен Елжас-III орын, математика 9 сынып (Ергалиева М.С.)
Игілік Ақерке-III орын, құқық негіздері 10 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Сагындыкова Сабина-III орын, құқық негіздері 11 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Оразалы Нұрия-III орын, химия 9 сынып (Рысқұлбек М.Е.)
Кунанбаев Қуаныш-III орын, география 10 сынып (Болтаев А.А.)
Абылғазы Ернар-III орын, математика 10 сынып (Амренова А.С.)
Турганова Айым-III орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 9 сынып (Бекенова К.К.)
Абдираимова Алтынай-III орын, қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып (Касыбаева М.Б.)
Байбазарова Камила-III орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 9 сынып (Бекенова К.К.)
Арабданова Назерке-III орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 10 сынып (Бекенова К.К.)
Ардагелдіқызы Ақжан-III орын, ағылшын тілі 11 сынып (Искакова Д.С.)
____________________________________________________________________________________________________________________________
8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық Шәкәрім оқулары
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық Шәкәрім оқуларының нәтижесі:
Ерсін Асылбек- I орын
Қайролла Арайлым- I орын
Алғыс Хат - Ардагелдіқызы Ақжан
_____________________________________________________________________________________________________________________________
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы:
Абылғазы Ернар, Серікпай Сулейман- I орын (Амренова А.С.)
Ардагелдіқызы Ақжан, Муратова Медина- I орын (Искакова Д.С.)
Айтжан Әлімжан- II орын (Жарылғасым Е.К)
Айтқұл Әйгерім, Сейтботал Алим- II орын (Каирова Л.К.)
Жұмағали Әнел- II орын (Ардагелдіқызы А.)
Ермек Нурилла- II орын (Рысқұлбек М.Е.)
Жусупов Даниял, Болатов Ильяс- III орын (Абитаева Г.К.)
Асланбек Еламан- III орын (Амренова А.С.)
Марат Аянат, Базар Аяулым- III орын (Болтаев А.А.)
Асемсейтова Зейнель, Айтмагамбетова Мерей- III орын (Ардагелдіқызы А.)
Шорман Еркежан- III орын (Касыбаева М.Б.)
Татенова Дильназ- III орын (Жангабулова Ж.Е.)
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсы
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы:
Құрманбай Ернұр, Төлеубек Музаффар- I орын (Амренова А.С.)
Нұрқайдар Аида, Боранбай Аяна- II орын (Касыбаева М.Б.)
Сайдалинов Ельнур, Амантай Ризат- II орын (Каирова Л.К.)
Дәуіт Жәнел- II орын (Ханапия Б.)
Тұрсын Ерасыл- II орын (Рысқұлбек М.Е.)
Абдираимов Ержигит, Бағдат Нурмухамед- II орын (Болат С.А.)
Аманжол Ақмарал, Нартаева Сакина- II орын (Окпина Б.М.)
Хабидуллаева Айзара, Темірғали Мунира- III орын (Ергалиева М.С.)
________________________________________________________________________________________________________________________
Абай гимназиясында VI облыстық Спартакиада бағдарламасы аясында С. Торайғыровты еске алу турниры
22 қараша күні Абай гимназиясында VI облыстық Спартакиада бағдарламасы аясында С. Торайғыровты еске алу турниры өтті. 7-8 сынып қыздар арасындағы волейболдан Ы. Алтынсарин гимназиясының командасы I орынға ие болды.
Облыстық мамандандырылған мектептерінің 7-8-сынып оқушылар арасында волейбол бойынша облыстық іріктеу жарысы
Облыстық мамандандырылған мектептерінің 7-8-сынып оқушылар арасында волейбол бойынша облыстық іріктеу жарысында Ы.Алтынсарин гимназиясының ұлдар командасы 1-орынға ие болды
“Көңілді дельфин” жүзуден республикалық турнирдің III кезеңі
2024 жылы 21-25 қазан айында Павлодар қаласында 2011 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында “Көңілді дельфин” жүзуден республикалық турнирдің III кезеңі өтті.
Мақсаттар мен міндеттер:
- Павлодар облысының тұрғындары арасында жүзуді жаппай насихаттау
- Жас спортшылардың шеберлігін арттыру
- Қазақстан клубтары мен жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы достық байланысты нығайту
- Қазақстандағы тренерлер арасында тәжірибе алмасу.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7 “А” сынып оқушысы Оразбай Іңкәр жүзуден 50 метр арқамен жүзуден III спорттық разрядқа ие болды.
Республика күні қарсаңында Павлодар облысының әкімдігінде талантты және дарынды оқушыларға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын табыстау рәсімі өтті.
23 қазанда Республика күні қарсаңында Павлодар облысының әкімдігінде талантты және дарынды оқушыларға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын табыстау рәсімі өтті.
Оқушылар 5 түрлі номинация бойынша марапатталды: «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі», «Кәсіби шеберлік» (ТжКБ ұйымдары үшін), «Шығармашылық шеберлік», «Спорттық шеберлік» және «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет».
Жеңімпаздардың қатарында республикалық, облыстық айтыстардың жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышы, айтыскер ақын — Баршинбаев Мейржан «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісімен марапатталды.
«Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22-24 қазан күндері Астана қаласында қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері үшін «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинарын өткізді.
Осы семинар барысында 23 қазан күні мектебіміздің мұғалімдері «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, нәтижесінде орыс тілі пәнінің мұғалімі Бекенова Қорлан 1-орын, орыс тілі пәні мұғалімі Құдайбергенова Гүлдана 3-орын, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері Касыбаева Майра және Зылгарин Нұрбек Грамотамен марапатталды.